Ормандарды пайдаланғаны үшін ставка мөлшері

Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелерін (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн мөлшерлемелерді қоспағанда) белгілеу туралы

Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 23 қазандағы № 22-132 шешімі.     

 1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн мөлшерлемелерді қоспағанда):

       1) 1-қосымшаға сәйкес Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайыр, ағаш шырындарын дайындау үшін;

       2) 2-қосымшаға сәйкес Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қосалқы сүрек ресурстарын дайындау үшін;

       3) 3-қосымшаға сәйкес Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жанама орман пайдалану үшін;

       4) 4-қосымшаға сәйкес Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажеті үшін;

       5) 5-қосымшаға сәйкес Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу және сауықтыру мақсаты үшін;

       6) 6-қосымшаға сәйкес Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшін;

       7) 7-қосымшаға сәйкес Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін ағаш және бұта тұқымдарының отырғызу материалдары мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді өсіру үшін белгіленсін.

    Жетісу облыстық мәслихаты  2024 жылғы 23 қазандағы  № 22-132 шешіміне 3-қосымша

 Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жанама орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері

Атауы Өлшем бiрлiгi  Айлық есептік көрсеткіш
1 Шабындық жерлер сапалық жай-күйі бойынша:
 жақсы гектар 0,32
 қанағаттанарлық гектар 0,24
нашар гектар 0,19
2 Малдың 1 басын жаю үшін төлемақы: Таулы табиғи аймақтар Шөл және  шөлейтті табиғи аймақтар
түйе бас 0,19 0,17
 ірі қара мал бас 0,15 0,13
жылқы бас 0,15 0,13
ірі қара төлі бас 0,07 0,05
есек бас 0,07 0,05
ешкі бас 0,13 0,11
қой бас 0,04 0,02
3 Марал шаруашылығы гектар 0,267
4 Аң шаруашылығы гектар 0,267
5 Ара ұясын орналастыру дана 0,267
6 Көкөніс өсіру, бақша дақылдарын өсіру және өзге ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру гектар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 508-бабына сәйкес жер салығы деңгейінде белгіленді

Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшін пайдалану төлемақы мөлшерлемелері

      1-кесте

Атауы Өлшем бiрлiгi  Айлық есептік көрсеткіш
  1 Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн рекреациялық, мәдени-тарихи, туристiк және спорттық мақсаттар үшін пайдалану (1 жылға және 1 жылдан 10 жылға дейін)  болған әрбір күн үшін 0,2

      2-кесте

Атауы Өлшем бiрлiгi  Айлық есептік  көрсеткіш
  1 Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн рекреациялық, мәдени-тарихи, туристiк және спорттық мақсаттар үшін пайдалану (10 жылдан 49 жылға дейін) гектар 1,316


 2024 жылғы 23 қазандағы № 22-132 шешімі негізінде Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлері айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) есептелетін болды.


«Бөрлітөбе орман шаруашылығы»КММ-сі:

 Бас инженер: Е.Н.Барлықбаев

 Раб.тел.2-10-15

Мәліметпен бөлісу: