
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен былтырғы жылдың сәуір айынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акция басталған болатын. Бұл акция тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу мақсатында жүргізіледі.
Сарқан қаласы жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысының ұйымдастырумен 2025 жылдың 28 қаңтар күні «Таза өлке Сарқаным» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: әрбір тұрғынның қоршаған ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту болды. Әрбір азаматты болашақтың тірегі болатын дені сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелейік. Баршаңызды қаламыздын тазалығын сақтап, ішкі мәдениетті сақтауға шақырамыз.
Бұл шараның бүгінгі ұрпаққа берері мол. Себебі өскелең жастардың бойында патриоттық рухты оятып, еліне, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырады. Мұндай іс-шаралар барлық қазақстандықтардың тазалық пен тәртіпті сақтауды қалыптастыратыны сөзсіз.
