Елбасының жұртшылыққа жол тартқан «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын алғашқылардың қатарында ұстаздар қауымы жылы қабылдап ондағы білім саласына қатысты жаңашылдықтарды қызу талқыға салуда. Жақында аудандық білім бөлімінде ауданның барша мектеп басшыларының басын қосқан келелі кеңес болып өтті. Басқосуда аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ж.Мұқашев ұстаздар алдында өрлеудің өзегіне айналған Жолдаудың білім саласына бағытталған өзекті тұстарын түгендеді.
Жиында сондай-ақ аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Бораншина көтеріліп отырған мәселеге байланысты баяндама жасаса, аудандық білім бөлімінің басшысы П.Ануарбекова ұстаздар қауымына Жолдау жүктейтін нақты міндеттер төңірегінде өз ойымен бөлісіп, елімізді әлемнің озық отыз елінің қатарына қосуда мұғалім міндетінің зор екендігін атап өтті.
Өз тілшіміз.