
Этносаралық келісім – қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңызды негізі. Әртүрлі ұлт пен этнос өкілдері бір мемлекетте өмір сүріп, бір-бірінің тілін, мәдениетін және дәстүрін құрметтеген кезде қоғамда татулық қалыптасады. Өзара сыйластық пен түсіністік адамдар арасындағы достықты нығайтады.
Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Елімізде көптеген этностар бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Әр халық өз мәдениетін сақтай отырып, ортақ мақсат – елдің дамуына үлес қосады. Бұл халықтар арасындағы бірлік пен ынтымақтың көрінісі.
Халықтың біртұтастығы, бірлігі мәселесі мемлекетіміздің тәуелсіздігін алған уақытта көңіл бөлген мәселелерінің бірі. Қазір әлемнің өзі елдің бұл жетістігін көзбен көріп, мойындап отыр. Қазақстан қоғамының әлеуметтік мәдени болмысын үлгі ететін елдер аз емес. Тарихта ойшыл адамдар айтып кеткендей, адамзаттың әлемдегі орнын айқындайтын нәрсе бұл оның парасаттылығы. Сол сияқты халықтың бірлігін оның парасаттылығының негізгі өнімі деп айтуға болады. Мемлекетте бұған мұрындық болып отыр. Этносаралық келісім бұл қашан да Қазақстан халқының тұрақтылығының кепілі болатынына сеніміміз мол. Бұның құндылығын бағалау әр азаматтың борышы.
Этносаралық келісім елдің тұрақты дамуына, бейбіт өмірдің сақталуына және қоғамдағы бірліктің нығаюына үлкен әсер етеді. Сондықтан әр адам басқа ұлт өкілдеріне құрметпен қарап, татулықты сақтауға үлес қосуы керек
