Қорытынды есеп мақұлданды

Ауданның қай саласында болмасын өсу қарқыны байқалады. Сарқан аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті 8-ші отырысы алдында есеп берген өңір басшысы Марат Разбековтың ауданды әлеуметтік-экономикалық дамытудағы 2019 жылы атқарылған жұмыстары және 2020 жылға жоспарлары туралы баяндамасы осыны айқын аңғартты. Отырысты Қоғамдық кеңестің төрағасы С.Садықов ашып, жүргізіп отырды.

 -Өткен жыл ауданымыз үшін жаңа жетістіктер мен әлеуметтік жаңару жолында алға қарай қадам жасаған жыл болды-деп есепті баяндамасын бастаған Марат Мелісұлы негізгі салалардағы көрсеткіштерді нақты сандармен сөйлете келе биылға жоспарланып отырған шаруалармен де таныстырды. Аудан бойынша жалпы ішкі өнімнің көлемі 63 млрд. 330 млн. 700 мың теңгені құрауы өңір экономикасының өсу қарқыны сақталғандығын айғақтайды. Сондай-ақ Қоғамдық кеңес мүшелері көпшілік көкейінде жүрген бірқатар мәселелерді көтеріп, аудан әкімінен толыққанды жауап алды. Жиын соңында Қоғамдық кеңес Сарқан ауданының әкімі  Марат Разбековтың ауданды әлеуметтік-экономикалық дамытудағы 2019 жылы атқарылған жұмысы және 2020 жылға жоспарлары туралы есебі қанағаттанарлық болып есептелсін және халық алдында беруге келісім берілсін деген бірауызды шешім қабылдады.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: