Отан – отбасынан басталады


Отан отбасыдан басталады. Әр отбасы шағын мемлекет десек, сол мемлекеттің кішігірім заңдары мен қағидалары болады. Соған қарамастан, елімізде соңғы жылдары отбасылық зорлық-зомбылылықтың саны артып келеді.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әлеуметтанушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көбеюіне бірнеше себеп ұсынып отыр.
Біріншіден, экономикалық құлдырау, материалдық жағдайдың төмендеуі (жұмыссыздық, ақшаның жетіспеуі). Тағы бір елеулі себеп — отбасы мүшелерінің зиянды әрекеттерді жаппай қолдануы, яғни, спирттік сусындарды мен ескірткінің кесірі.
 Қазір мемлекетімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетумен айналысатын мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдар бар. Мысалы, дағдарыс орталықтары осының бір дәлелі.
Б. ЕСЕНБАЕВ,
аудандық мансап орталығының маманы.

Мәліметпен бөлісу: