Отаным – Тәуелсіз Қазақстан

Менің туған елім – Қазақстан. Даласы кең, таулары биік, халқы мейірімді ғажайып өлке. Осыны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезімі кернейді.

1 желтоқсан еліміз үшін елеулі мереке санатында. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы Тұңғыш Президенттің қызметімен тікелей байланысты. Елбасының салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды.

Қазақстан – өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар құдіретті ел. Найзаның ұшы, білектің күшімен ата-бабадан қалған жерімізді сақтап, елімізді басқарып отырған Тұңғыш Президентіміз Қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем танымастай етіп өзгертті. Елімізде тойланып отырған бұл мерекенің тарихи маңызы сондықтан да орасан зор.

Барша ұлтты бауырына басқан Қазақ халқы біреуді артық, біреуді кем көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден мақсат тұтқан. Елбасымыз береке-бірлігіміздің, татулығымыздың, тұрақтылығымыздың кепілі. Н.Ә.Назарбаевтың еңбек жолы жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылым. Ол өзінің  «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында» тағы басқа еңбектерінде халықты өткеніне үңілтіп, бүгінгісіне шүкіршілік етуге тәрбиелеп отырды. Елдің ата заңы – Конституциясы мен рәміздері өмірге келді. Тәуелсіз Отанымыздың көк жүзімен астасқан көк байрағы астында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болдық. Ардақты ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғаны, тұңғыш төл теңгеміздің шығуы, Семей атом полигонының жабылуы – бәрі де Елбасының тікелей араласуымен болған. Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосқан – Елбасына алғысымыз шексіз!

Құралай АИТОВА,

Тасқұдық бастауыш мектебінің 1 «б» сынып жетекшісі.

Мәліметпен бөлісу: