Отбасының цифрлық картасы


Еліміздің азаматтары жәрдемақы алу үшін құжаттарды көбіне қағаз күйінде тапсырып келді. Бұдан бұлай отбасы деректері цифрландырылады. Қолданыстағы қағаз құжаттар біртіндеп жүйеден алынып тасталады. Оның орнына отбасылық цифрлық картасы енгізіледі.
Отбасының цифрлық картасы дегеніміз – еліміздегі отбасылардың дербес дерекқоры. Бұл дерекқор мемлекеттік органдардың қазіргі ақпараттық жүйелері негізінде қалыптастырылып жатыр. Оны енгізудегі мақсат – халықтың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Екіншіден – карта отбасылар немесе отбасы мүшелерінің әлеуметтік мәртебесіне және әл-ауқат дәрежесіне қарап, мемлекеттік қолдаудың қандай түрін алуға құқылы екендігін жеткізіп отыратын электронды жаршы қызметін атқарады. Мұндай ақпарат әр отбасына мемлекеттік орган тарапынан SMS-хабарлама түрінде жіберіліп отыр.
Үшіншіден, мемлекеттік қолдау проактивті форматта жүргізіледі. Ол дегеніміз – азаматтарға әлеуметтік төлем мен көмек ақпараттық жүйелердегі деректер негізінде тағайындалады деген сөз. Сөйтіп қолданыстағы қағаз құжаттар кезең-кезеңімен жүйеден шығарылады.
К. ҚАЛИЕВА,
аудандық Аналар кеңесінің төрайымы.

Мәліметпен бөлісу: