Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңының бірінші бабында: «Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi» делінген.
Бүгінгі күннің өзекті тақырып-тарының бірі де – осы. Сыбайлас жемқорлық – бүгінгі күннің індеті.
Еліміздің көркейіп, өсіп-өркендеуіне үлес қосам деген, «Елім, жерім, Отаным» деп жүрегі соққан әр азамат жемқорлықтан бойын аулақ ұстаса, іргеміз берік, тұғырымыз нық болары сөзсіз.
«Ұрлық түбі – қорлық» дегендей, парақорлықтың да, жемқорлықтың да түбі – қорлық. Үлкен жетпіс күнәнің бірі – парақорлық. Олай болса, жем-қорлықтан іргемізді аулақ ұстап, өзекті өртеген жегіқұртпен көп болып күресейік.
Қ. САРЫБАЕВ,
«Жоңғар Алатауы» МҰТП РММ Сарқан филиалы Аманбөктер орманшылығының
мем.инспекторы.