Парасатты бол, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 1424-ке хабарла

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 1424 Call-орталығын насихаттау мақсатында 10 тамыз күні Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі, «Болашақ бағдары» қоғамдық бірлестігі өкілдерімен бірлесіп, Сарқан қаласының М.Тынышпаев атындағы орталық алаңында “Парасатты бол, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 1424-ке хабарла!» атты акция ұйымдастырылды. Басты міндеттерінің бірі – осындай ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізу арқылы халық арасында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға нөлдік төзімділікті қалыптастыру және парасаттылық қағидаттарын нығайту болып табылады.

#сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ #«Болашақ бағдары» қоғамдық бірлестігі #Сарқан ауданы

Мәліметпен бөлісу: