Еліміздің Президенті «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласын жұртшылық ыстық ықыласпен қабылдады. Бұл мақала биыл әлемдік деңгейде аталып өтетін ұлы ақын тойының маңызы мен ерекшелігін жан-жақты нақтылап берді.
Президентіміз бұл мақаласында Абайды әлемдік деңгейдегі ұлы қайраткер, ұлттық болмысымыздың үлгісі, мемлекет ісінің мүдделесі, жаңа қоғамның жанашыры, әлемдік мәдениеттің таутұлғасы ретінде бағалайды. Осы зерделі зерттеуінде Мемлекет Басшысы ақын мұрасын ХХІ ғасырда қай деңгейде пайдаланудың жолын іздестіреді. Біздің ғасырымыздағы ұлы Абайдың орны бөлек, бай мұрасының әрбір шумағы жүрек түкпіріне сақтауға лайық, өмірде қолдануға қажет өсиетнама сынды. Сондықтан да адамшылық, кісілік туралы ұғымды жастардың көкейіне ұялатқымыз келсе «Абайды оқы, Абайды зерделе» деп ақын мұрасын ұсынуымызға болады. Бұл біздің адастырмас құбылнамамыз екендігі айдан анық.
Ел Президентінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы қоғамдық санамыздың, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің, әлеуметтік өміріміздің жаңғыруына жаңа серпін береді.
Ғалия Орынова,
аудандық қазынашылық басқармасының басшысы.