Сарқан ауданы әкімдігінің аудандық кітапханасында «Парасаттылық пен адалдық – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты бағыттары» атты акция аясында «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, Себебі бұндай әрекеттің мемлекетік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты – бармақ басты әдет әлі де болса қалмай келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне кедергі келтіретіні даусыз.
Аудандық орталық кітапханасында осыған орай 4 қыркүйек күні «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» атты тақырыппен тәрбие сағаты өтті.
Тақырып барысында сыбайлас жемқорлықты жою және оның көріністерін болдырмау жөнінде қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды науқан жүргізуге шақырды.
Кітапханашы Раймбекова Жанар сөз алып, сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу бағытында Тұңғыш президент Н.Назарбаевтың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы жарлығымен «Қазақстан-2050» стратегиясындағы тармақтарды талқылады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес негіздерін және оның қоғам өмірінің кез келген саласында деңгейін төмендету үшін ат салысу керек екендігі аталып өтті.
Ж.Раймбекова,
аудандық кітапхана қызметкері.