Партиялық бақылау комиссиясының Отырысы

Жуырда аудандық  партия  филиалының  партиялық бақылау  комиссиясының  отырысы   өтті. 

Жиынға  аудандық  мәслихат депутаттары, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Аслан Кубентаев және партиялық бақылау комиссия мүшелері мен мекеме басшылары қатысты. Комиссия отырысын  «Nur Otan» партиясы аудандық партия филиалының  партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Жомарт Игіман жүргізіп,  Сарқан ауданы әкімі аппаратының басшысы Бауыржан Абибеков  «Мемлекеттік қызметтер мониторингі» бойынша 2019 жылы атқарылған іс-шаралар туралы   есеп берді. Комиссия отырысында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Черкасск және Қойлық ауылдық округ әкімдері Мақсат Айтжанов пен Ербол Қахарманұлының  есептері тыңдалды.  Күн тәртібіндегі қаралған мәселелерге орай депутаттардан түскен сауалдар  мен ұсыныс-пікірлер ескеріле отырып, шешім қабылданды.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: