Пилоттық жоба аясында

Сарқан  аудандық сотында пилоттық жоба аясында қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды. Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба аясында талап қоюшы С. мен жауапкер Б.-ның арасындағы қарыз ақша өндіру туралы дау өз шешімін тапты.

Талап қоюшы С. сотқа Б.-дан қарыз ақша өндіру туралы талап қою арызын беріп, Б.-ның өзінен қолхат арқылы қарыз ақша алғанын, алайда белгілеген мерзімде қайтармай жүргенін көрсетіп, қарыз ақшаны өндіруді сұраған.

Істі сот талқылауына дайындау барысында тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтау құқығы мен осы тәртіппен шешудің басымдықтары туралы түсіндірілді. Судья-медиатордың қатысуымен тараптар келісімге келіп, келісімнің шарттары бойынша жауапкер Б. талап қоюшы С.-ға 15.08.2017 жылға дейін 50 000 теңге ақша қайтаруды міндеттеді.

Судья АПК-нің 277-бабының 6) тармақшасына сәйкес іс жүргізуіндегі іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарды. Ұйғарымзаңдыкүшінеенгенжоқ.

Аудандық сот.

 

 

Мәліметпен бөлісу: