Ата заңға өзгерістер енгізу жөнінде жалпыұлттық референдум өткені баршамызға мәлім. Біз заң үстемдігі, әділдік, жалпыға бірдей мүмкіндік қағидаттарын ұстанып, Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Ауданымыздың әрбір жауапты азаматтарының реформаларды іске асыруда белсенділік танытқаны соншалық, ауданымыз жыл қорытындысы бойынша облыста 4-ші орынға орналастық. Бұл дегеніміз — үлкен жетістік. Жалпы алғанымызда, бұл мемлекетіміздің дамуына қосқан үлкен үлесіміз. Бұл өзгерістердің басты міндеті — халықтың әл-ауқатын арттыру, жастарды отаншылдыққа, еңбекшілдікке тәрбиелеу. Бұл міндеттерді орындауға ауданымыздың әрбір азаматы жауапкершілікпен атсалысуы қажет қадірлі жерлестер! Бұл орайда, 6000 жуық ардагерлердің 1000-ға жуығы аудан экономикасының сала саласында адал еңбектерімен өз үлестерін қосуда.
Баршаңызға мәлім, 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Ардақты ағайын, Сіздерді осы сайлауда белсенділік танытып, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын!
Мәжіліс депутаттарының осы жолғы сайлауында өзге ерекшеліктер бар. Нақтырақ айтқанда, елімізде жүргізілген конституциялық реформа аясында саяси партияларды тіркеу рәсімі айтарлықтай жеңілдетілді. Партия мүшелерінің санына қатысты талап та түбегейлі өзгерді десек болады. Айталық, бұған дейін партия құру үшін оған мүше азаматтардың саны 20 мың болу тиіс болса, реформадан кейін ол шек 5 мыңға дейін қысқартылды. Тағы бір өзгеріс партиялардың аймақтардағы өкілдіктерінің мүшелеріне қатысты. Яғни, бұған дейін партия құру үшін әр өңірде кемінде 600 жақтасың болу шарт еді. Ал қазір 200 адам партияңызды қолдаса, саяси ұйымның тіркелуіне жеткілікті. Дәл осы мүмкіндікті бірқатар саяси белсенді қолданып та үлгерді. Бұған дейін елімізде Amanat партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан халық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы белсенділік танытса, ендігі уақытта олардың қатары «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясымен Respublica партиясымен толығып отыр.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысы атап өткендей, сайлау бюллетеніне «бәріне қарсымын» деген бағанның енгізілуі де өте маңызды шешім болды деп есептеймін. Партиялардың Мәжіліске өтуіне қажетті дауыстың төменгі шегі 7-ден 5 пайызға дейін азайды. Бұл да – елімізді демократияландыру жолындағы айрықша мәні бар қадам.
Жалпы, аға буын өкілдері аудандағы болып жатқан қоғамдық шараларға, атап айтқанда 19 наурызда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының сайлауының өтуіне белсенділік танытуда. Яғни түсініктеме насихат жұмыстарын жастар мен тұрғындар арасында жүргізуде.
«Қазақстанда қарқынды және жан-жақты жаңару үдерісі жүріп жатыр. Бұл сайлау қоғамдағы өзгерістердің көрінісі ретінде саяси жүйеміздің одан әрі жаңғыруына зор ықпалын тигізеді. Қазір әлемде дәл осындай ауқымды өзгерістерді қолға алған мемлекеттер көп емес. Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы мемлекеттік билік институттарын жаңғырту жұмыстарының қорытынды кезеңі болмақ. Осылайша, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты толық іске асады. Біз бір ел, бір халық болып, Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Осы жолда түрлі сын-қатерді еңсеріп, көптеген маңызды міндетті бірге атқаруымыз керек», — деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Осы мақсатты іске асыруда бәріміз бір адамдай атсалысуымыз қажет деп есептеймін
Мемлекет басшысы «Әділетті Мемлекет біртұтас ұлт, берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында «Кәсіби билікпен еңбекқорлық қоғамымызды ең жоғарғы орында тұруы қажет», — деген еді. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді өз адал еңбектерімен дамытады және өзгерістер енгізеді деген ойдамын.
Ендеше, реформамызды дамытып жүзеге асыруда әрдайым бірге, әрдайым алда болып сайлау күні бір кісідей сайлау учаскесіне барып, өз дауысымызды қалаған үміткерге берейік!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын демекпін!
«Ардагерлер ұйымы» республикалық
қоғамдық бірлестігінің
Сарқан аудандық филиалының төрағасы
Жанасбеков Қадыл Тұрысбекұлы