
Соңғы онжылдықтарда әлемнің түрлі аймақтарында орын алған әскери жанжалдар мен террористік әрекеттер жаһандық қауіпсіздікке үлкен қатер төндіріп отыр. Бұл жағдай Қазақстан үшін де өзекті, себебі кейбір ҚР азаматтары шетелдік қақтығыстарға түрлі себептермен қатысып жүргені байқалады. Мұндай жағдайлардың алдын алу және құқықтық жауапкершілікті нақты белгілеу – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды құралы.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (ҚК) шетелдік қақтығыстарға қатысуға байланысты арнайы баптар қарастырылған:
ҚК 172-бабы: «Шет мемлекет аумағында қарулы қақтығыстарға немесе әскери іс-қимылдарға жалдамалы ретінде қатысу»
Бұл бапқа сәйкес, ҚР азаматы егер:Шет мемлекет аумағындағы қарулы жанжалға жалдамалы ретінде қатысса;Жалақы, материалдық пайда, басқа да жеке мүдделер үшін әскери әрекетке араласса;Бұл әрекеті ҚР мүддесіне қайшы болса, онда ол 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
ҚК 174-бабы: «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру»
Кей жағдайларда шетелдік жанжалдарға қатысу діни экстремизм немесе радикализммен байланысты болады. Мұндай жағдайда 174-бап бойынша да қылмыстық жауапкершілік қарастырылуы мүмкін.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2010 жылдан бері Қазақстаннан жүздеген азамат Сирия мен Ирактағы соғыс аймақтарына кеткен. Көбісі сол жақтағы экстремистік топтарға қосылған.
Олардың арасында әйелдер мен кәмелетке толмаған балалар да бар, бұл мәселенің әлеуметтік және гуманитарлық қырын күрделендіре түседі.
Ел азаматтарының шетелдік қарулы жанжалдарға қатысуы тек қана жеке тұлға үшін емес, бүкіл мемлекет үшін де қауіп төндіреді. Мұндай әрекеттер: Ұлттық қауіпсіздікке қатер; Терроризмнің таралуына ықпал; Халықаралық имиджге нұқсан келтіреді.
Сондықтан мемлекет құқықтық, ақпараттық және гуманитарлық тұрғыдан кешенді әрекет етуі тиіс. Азаматтар да өз жауапкершілігін түсініп, экстремизм мен жалдамалылықтың салдарын бағалай білуі керек.
Өз тілшіміз.
