ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылатын «ЖЫЛ ҮЗДІГІ – 2021» жастар сыйлығының ЕРЕЖЕСІ

Сыйлыққа үміткерлер ретінде  Сарқан ауданының 14 пен 29 жас аралығындағы белсенді жастар қатыса алады. Номинация жеңіпазы атану үшін үміткерлер  белгілі бір бағытта жетістіктерге жету керек. Соңымен қатар, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулар жеңімпаздары, қоғамдық өмірге белсенді қатысып, елдің алғысын алған жастар өтінімдерін  өткізулеріне  болады. Жалпы алғанда, сыйлыққа ұсынылу үшін белсенді, білімді, креативті ойлайтын, Қазақстанның жарқын болашағы жолында аянып қалмайтын нағыз көшбасшы жас болуы керек.

Номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтау критерийлері:

1. «Жас мемлекеттік қызметкер»

•      Жас мөлшері 18 пен 29 жас аралығы;

•      Мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;

•      Жұмыс тәжірибесінде басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы керек;

•      Өзінің кәсіби қызметі саласында елеулі жетістіктерге жетуі және әлеуметтік-маңызды және қоғамдық жұмысқа айрықша үлес қосуы;

•      Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы. 

 2. «Жас дәрігер»

•      Жас мөлшері 18 пен 29 жас аралығы;

•      Медицина саласында еңбек өтілі 2 жылдан кем емес

•      Мемлекеттік жастар саясаты аясында ақпараттандыру жұмыстарын белсенді жүргізіп жүрген;

•      Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жетуі немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосуы;

•      Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы. 

3. «Жас ұстаз»

•      Жас мөлшері 14 пен 29 жас аралығы;

•      Еңбек өтілі 2 жылдан кем емес

•      Мемлекеттік жастар саясаты аясында ақпараттандыру жұмыстарын белсенді жүргізіп жүрген;

• Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жетуі немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосуы;

•      Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқандығы;

•      Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы.  

4. «Жас спортшы»

•      Жас мөлшері 14 пен 29 жас аралығы;

•      Халықаралық, республикалық жарыстардың бірнеше мәрте жүлделі орын иегері;

•      Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқандығы;

•      Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы.  

5. «Жас өнерпаз»

•      Жас мөлшері 14 пен 29 жас аралығы;

•      Әнші, биші, күйші, театр және кино әртістері;

•      Халықаралық, республикалық өнер байқауларының жүлделі орын иегері;

•      Жұмыс тәжірибесінде басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы керек;

•      Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқандығы;

•      Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы.   

6. «Жасыл ел» жасағының үздік сарбазы»

•      Жас мөлшері 16 пен 29 жас аралығындағы «Жасыл ел» жастар еңбек жасағында сарбаз ретінде кем дегенде 2 жыл жұмыс өтілі бар;

•      Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға белсенді қатысуы; әртүрлі жастар топтары үшін оң әсер беретін әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асыруы және ендіруі;

•      Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жетуі немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосуы;

•      Көшбасшылық сапаға, айырықша білім, дағдысы мен шеберлікке ие болуы керек;

•      Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы. 

7. «Үздік студент»

•      Жас мөлшері 14 пен 29 жас аралығындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері;

•      Көшбасшылық сапаға, айырықша білім, дағдысы мен шеберлікке ие болуы;

•      Аудан көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосқандығы;

•      Жастар ұйымдары мен қозғалыстарда жұмыс тәжірибесінің болуы;

•      Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы.

8. «Үздік ерікті»

•      Жас мөлшері 14 пен 29 жас аралығы;

•      Көшбасшылық сапаға, айырықша білім, дағдысы мен шеберлікке ие болуы;

•      Аудан көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосқандығы;

•      Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқандығы;

•      Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың болуы.

9. Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер – нұсқаушы

•      Жас мөлшері 18 пен 29 жас аралығы;

•      Жұмыс тәжірибесінде басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы керек;

•      Өзінің кәсіби қызметі саласында елеулі жетістіктерге жетуі және әлеуметтік-маңызды және қоғамдық жұмысқа айрықша үлес қосуы;

•      Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы. 

10. «Үздік оқушы»

•      Жас мөлшері 14 пен 18 жас аралығындағы оқушылар;

•      Көшбасшылық сапаға, айырықша білім, дағдысы мен шеберлікке ие болуы;

•      Аудан көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосқандығы;

•      Жастар ұйымдары мен қозғалыстарда жұмыс тәжірибесінің болуы;

•      Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы.

11. «Жас маман»

•      Жас мөлшері 18 пен 29 жас аралығы;

•      Қызметтік жұмыстағы өтілі 2 жылдан кем емес;

•      Жұмыс тәжірибесінде басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы керек;

•      Өзінің кәсіби қызметі саласында елеулі жетістіктерге жетуі және әлеуметтік-маңызды және қоғамдық жұмысқа айрықша үлес қосуы;

•      Елбасы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы. 

Өтінімге қосымша төмендегідей құжаттар «Аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылуы керек:

1.    Жеке куәлік, алғыс хат, грамоталар көшірмелері.

2.    Өмірбаян, аннотация. 

3.    Номинацияларға лайық деп ұсынған хаттар.

4.    10 фотосурет: 1-уі жалғыз өзі түскен, 3-уі жұмыста түскен сурет, 3-уі бос уақытта,  3-уі отбасында түскен сурет. Суреттер электронды тасығышта, JPEG форматында, 3000*2000 кем емес рұқсатта болуы тиіс);

5.    «Неге мен «Жыл үздігі» жастар сыйлығына лайықтымын?!» тақырыбында эссе.

6.    Жоғарыдағы құжаттар портфолиода өткізілуі тиіс.

Өтінімдерді қабылдау кезеңі: 2021 жылғы 18 қазаннан бастап 2021 жылғы 10 қарашаға дейін Нұр – Сұлтан уақытымен сағат 18: 00-ге дейін. Байқау жеңімпаздарын марапаттау: Сарқан қ., 2021 жылдың 30 қарашасына дейін. Қосымша сұрақтар бойынша: 2-18-82, 2-13-64.

Мәліметпен бөлісу: