Сарқан сан-түрлі арман-қиялдарды жүзеге асырып,сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем аудан. Ауданымыздың бүгінгі көркі жанымызды шымырлатып, сұлулықтың жылы лебімен тербейді. Бүгінгі өмірдің талабына үндесе көтерілген ғимараттар көрген жанды баурап алады, көңілімізді шарықтататады.
Осы орайда қыркүйектің 11 жұлдызында Сарқан гуманитарлық колледжінде Кылышбаева Асем Кайратовна мен Жакупов Сұлтан Қайратұлының ұйымдастыруымен 303 «А» тобы колледжішілік «Əр жусаны бір өлең, бір шығарма» атты əдеби-сазды кеш өткізілді. Іс-шарада колледж директоры Ерлан Ерұзақұлы Дармишев тарихы терең тұңғиықта жатқан Сарқан ауданымыздың тариxымен оның əр жыл сайын көркею үстінде екендігін білімгерлерге қызық мəліметтерімен бөлісті. Əдеби-сазды кеште ауданға арналған колледждегі ақын білімгерлердің əдеби монтажы ұсынылды, туған жерге арнап əн айтылды. Сондай-ақ, əдеби-сазды кеште Сарқан ауданымыздан шыққан атақты тұлғаларды таныстырып, шашу биімен жалғасын тапты. Аудан күнін, қала күнін мереке деп жариялаудың тарихи, танымдық, тəрбиелік тұрғыдан мəні айрықша зор. Бұлай дейтін себебіміз, бұл қазақтың өз билігі өзінің қолына тигеннен кейін ұлттың болмыс-бітімін сақтап, мемлекеттің келешегін кемелдету мақсатында «он ойланып, тоғыз толғанып» барып қабылданған тарихи шешім болды. Сарқанның тарихымен отансүйгіштік қасиеттерді жастар бойына дарытып, қанына патриоттық сезімдерді сіңіреміз. Сарқанымыз жасай берсін, жаңара берсін! Жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан ауданымыз өсе берсін! Асқақтай бер көркем аудан – Сарқаным! Ауданымыздың 90 жылдығы, ал қаламыздың 50 жылдығы құтты болсын!
Асем Кылышбаева,
Сарқан гуманитарлық колледжінің 303 “А” топ жетекшісі.