Рамазан айындағы рақымдылық шарасы

Қасиетті айда аудандық Орталық мешітте  ауқымды қайырымдылық шарасы өткізілді.

Қасиетті рамазан айы татулық пен берекенің айы. Адамдардың бір-біріне деген құрметі мен қамқорлығының артатын қасиеті бөлек мүбәрәк күндер мен түндер. Алла Рамазан айында істелген құлшылықтар мен жақсылықтардың сауабын басқа уақыттардан артық етіп қойды. Жетім мен жесірге, жоқ-жітікке көмектесу бұл айдағы құдай тағаланың сауабынан үмітті жандар үшін маңызды іс болмақ.

Берекелі Сарқан жұрты да жылдағы дәстүрінен жаңылмай қасиеті бөлек қадірлі айды бар салтанатымен қарсы алды. Ораза басталғалы жалғасқан игілікті жұмыстар реті жуырда тағы да Сарқан жамағатын маңызды шараның, сауапты істің куәсі қылды. Құдай ісіне береке берген белгілі кәсіпкер азамат аудандағы әлеуметтік жағынан  аз қамтылған отбасыларға нәсібінен зекет таратып, көптің алғысына бөленді. Қомақты қаражат отбасында мүгедек азаматы бар жанұяға 266000 теңге, көпбалалы отбасы мүшелеріне 20 000 теңге, жалғызбасты аналарға 38 000 теңгеден әрқайсысына таратылды. Жалпы 29 отбасыдан құралған 150 адамға, 5 млн. те4ге ақшалай зекет берілді. Аудандағы қайырымдылық шаралардың ұйымдастырушысы болып, үнемі басы-қасында жүретін Сарқан аудандық орталық мешіт имамдары алдағы уақытта осындай игілікті істерді алып баратындықтарын жеткізді.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: