Әрдайым басты назарда

Аудан әкімшілігі Ұлы Отан соғысының ардагерлерін назардан тыс қалдырған емес. Өткен аптада аудан әкімі Марат Разбеков Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйлеріне арнайы барып, отты жылдары кеуделерін оққа төсеген қарттардың тұрмыс-тіршілігін, қал-жағдайларын біліп, бейбіт күнді сыйлаған жандарға шынайы алғысын білдірді.

Атап айтқанда Қойлық ауылындағы Берлібек Ысқақов, Қарғалыдағы Галкин Алексей Федорович және Амангелді ауылында тұратын Ульянов Геннадий Федоровичтің шаңырағында болып қамкөңіл жандардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысты. Марат Мелісұлы ауылдық округ әкімдеріне Ұлы Отан соғысының ардагерлері мемлекет тарапынан беріліп жатқан барлық әлеуметтік жәрдемдерден тысқары қалмау керектігін тапсырды.

 

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: