Референдум бойынша түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Сарқан ауданында референдум бойынша түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Бұл бағытта тұрғындарға референдумның маңызы мен мәнін түсіндіру, азаматтық белсенділікті арттыру мақсатында түрлі кездесулер мен ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Арнайы құрылған «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының елді мекендерді аралап, халықпен бетпе-бет жүздесіп, көкейдегі сұрақтарға жауап беруде. Мекеме ұжымдарында, әлеуметтік нысандарда, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында, мәдениет ошақтарында жиындар өткізіліп, референдумға қатысудың ел болашағы үшін маңыздылығы кеңінен насихатталуда.

Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы да түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ақпараттық парақшалар таратылып, заңнамалық негіздер мен дауыс беру рәсімдері жөнінде нақты мәліметтер ұсынылуда.

Мұндай жүйелі жұмыстар тұрғындардың саяси сауаттылығын арттырып, елдік мәселелерге бейжай қарамай, белсенді қатысуына ықпал ететіні сөзсіз.
     Алмалы ауылында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының өкілдері «Есіктен есікке» форматындағы ауқымды ақпараттық акция ұйымдастырды.
Бұл бастаманың мақсаты – 15 наурызда өтетін референдумның мәні мен маңызын тұрғындарға жан-жақты түсіндіру, сондай-ақ конституциялық өзгерістер бойынша халықпен тікелей диалог орнату.
Акцияға аудандық коалиция мүшелері Тазабекова Кенжетай Жұмағалиқызы, Доланбаева Жамал Айтқалиқызы қатысты. Референдум қарсаңында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қарқын алып, жастар қаланың орталық бөлігіндегі бірнеше үйлерді, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандарын аралап шықты.
Іс – шара барысында тұрғындармен бетпе-бет сөйлесіп, олардың сұрақтарына жауап берді, жаңартылған Конституцияның негізгі бағыттары мен қоғамға тигізетін оң әсерлері туралы мәліметтер жеткізілді. Тұрғындар өз пікірлерін білдіріп, референдумға қатысудың маңыздылығын талқылады.

Сондай-ақ «Әділетті және прогрессивті қазақстанның халықтық конституциясы үшін!» аудандық коалициясы Лепсі ауылы емхана қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, ондағы өзгерістердің ел болашағына әсері жан-жақты айтылды.
Кездесуге Сарқан аудандық коалициясының мүшелері Искаков Асхат Төлеуханұлы, Жетібаева Гулнар Мұқашқызы және Айтжанов Ертай Нүсіпұлы қатысты.


Қатысушыларға Конституция жобасына енгізіліп отырған негізгі өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндіріп, олардың қоғамды демократияландыруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты кепілдендіруге, Референдумға ұсынылған өзгерістер мемлекеттік басқаруды заманауи талаптарға сәйкестендіруге, сот және құқық қорғау салаларының жұмысын күшейтуге, адами капиталды нығайтуға, сондай-ақ гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталғанын атап өтті.

 «Әділетті және прогрессивті қазақстанның халықтық конституциясы үшін!» аудандық коалициясы «azia gold» жшс қызметкерлерімен кездесті. Сарқан қаласындағы «Azia Gold» ЖШС- не Жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, ондағы өзгерістердің ел болашағына әсерін қоғамның белсенді бөлігі болып саналатын жастарға жан-жақты жеткізу мақсатында «Azia Gold» ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесуі өтті.


Кездесуге Сарқан аудандық коалициясының мүшелері Құдияров Жәлел Калелұлы және Ракитянская Оксана Николаевна қатысты.
Сарқан аудандық коалиция мүшелері Конституция жобасына енгізіліп отырған негізгі өзгерістер мен толықтыруларды жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар аудандық коалиция «Муханов» шаруа қожалығы және «Құсаинов» шаруа қожалығының қызметкерлерімен кездесті.
Бақалы ауылында орналасқан аталмыш шаруа қожалық еңбеккерлеріне Жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, ондағы өзгерістердің ел болашағына әсері жан-жақты жеткізілді.
Кездесуге Сарқан аудандық коалициясының мүшелері Оралханов Талғат Оралханұлы, Мукашева Светлана Тулеевна Лебедева Татьяна Викторовна қатысты.
Айта кету керек, 15 наурызда Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдум өтеді.

Мәліметпен бөлісу: