Өресі мықты, өрісі кең халықтың ұлық мерекесі

Тәуелсіздік күні қарсаңында аудан әкімдігінің мәжіліс залында атаулы күнге арналған салтанатты жиын өтті. Жиында аудан әкімі Талғат Қайнарбеков сарқандықтарды мерекемен құттықтады. Талғат Қанатұлы тәуелсіздік жылдарында еліміздің жеткен жетістіктеріне, аудан тұрғындарының қосқан үлесіне кеңінен тоқталды.

Аудан басшысы осы бас қосуда ел мен жердің берекелі бүгініне, еңселі ертеңіне өз салалары бойынша өзіндік игі ықпалын тигізіп жүрген аудандық әжелер алқасының төрайымы Күлшарбан Қалиеваға, халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Сәния Елюбаеваға, шаруа қожалығының басшысы Балтабек Абылкасымовқа, білім саласының ардагері Есбала Сүдірбаеваға, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлері «Парасат» кәсіподағының төрағасы Талғат Мекебаевқа, «Нұр» Сарқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталағының басшысы Айгүл Асқароваға, облыстық аурухананың неврология бөлімінің меңгерушісі Салтанат Мықтыбаеваға, Шатырбай ауылдық Мәдениет үйінің директоры Шакрат Рахимжановқа, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің төрағасы Мақсат Орыспаевқа, зейнеткер Геннадий Савиновқа, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Алтай Шулгаубаевқа «Сарқан ауданының Құрметті азаматы» төсбелгісін табыс етіп, құрмет көрсетті.

Марапатталғандар атынан сөз алған зейнеткер ұстаз Сүдірбаева Есбала апайымыз мерекелік лебізін ортаға салды. Сондай-ақ мереке құрметіне аудан әкімінің алғыс хаты бірқатар мекеме, кәсіпорын қызметкерлеріне табысталды.

Сол күні Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Ақ — Бұлақ продукт» ЖШС-нің басшысы Бауыржан Қалимолдановты ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен, Сарқан аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Оралбек Тертюбаевты «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Сайранбек Агро» ЖШС-нің басшысы Қамбарбек Сайранбековты «Шапағат» медалімен марапаттады.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: