Республика күніне орай танымдық кездесу өтті



ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Достық» (теміржол) шекаралық бақылау бөлімшесінде «Достық» орта мектебінің 10 «Ә» сынып оқушыларымен «25 қазан – Республика күні: Тәуелсіздікке бастар жол» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
Кездесу барысында Республика күнінің маңызы, Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолы және ел тарихындағы маңызды кезеңдер туралы сөз қозғалды. Іс-шара оқушылардың тарихи танымын кеңейтіп, отансүйгіштік құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Мәліметпен бөлісу: