соңғы жауған қалың қар төтенше жағдайларға дайындығымызды айқындады. Тиісті сала мамандары өңіріміздегі қардың қалыңдығы бүгінгі күнге 46 см құраса, жер тоңының 45 см екендігін анықтаған. Айтып келмейтін апатқа қашан да сақадай сай болған дұрыс. Жуырда аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жанындағы алаңда Республикалық коман-далық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.
Оқу-жаттығуға түрлі техникаларымен 112 адам «Дабыл» бойынша көтерілді. Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ басқару органдарын, күштер мен құралдарды талапқа сай ұстау мақсатында өткен ауқымды шараға аудан әкімінің орынбасары, аудандық азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары Жомарт Мыңбаев қатысып, ауданның жедел әрекет ету жасағының жеке буындары және командаларының саптық түзілуін аралап, нақты тапсырмалар жүктеді.
Сонымен бірге саптық тексеріс кезінде Жомарт Мыңбаев әрбір құрам және буындардың төтенше жағдайлар кезіндегі негізгі міндеттері мен қимылдарын сараптап, мүлікпен, арнайы киім және техникамен жабдықталуымен жақын таныс-ты.
Сондай-ақ аудандық азамат-тық қорғаныс бастығының орынбасары хабарландыру және байланыс жүйелерінің дайындығын көзбен көріп, материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және де басқа қажеттіліктердің жеткілікті мөлшерде болуын қатаң тапсырды.
Шараға аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі комиссия мүшелері, аудандық эвакуациялық комиссия, жедел әрекет ету жасағы қатысты.
Өз тілшіміз.