Қазақстан Республикасы
Орталық референдум комиссиясының
2022 жылғы 6 мамырдағы 32/482
қаулысымен бекітілген
2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды
әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспары
1. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамын жариялау
| 1. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамын жариялау | |
| Аумақтық референдум комиссиялары Референдум тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей | |
| 2. Бұқаралық ақпарат құралдарында референдум учаскелерінің шекаралары туралы хабарды жариялау | |
| Тиісті әкімдер Референдум тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей жылғы 15 мамырдан кешіктірмей | |
| 3. Республикалық референдум алдындағы үгіт | |
| референдум тағайындалғаннан кейін басталады және 2022 жылғы 4 маусымда сағат нөл сағатта аяқталады | |
| 4. Акт бойынша учаскелiк референдум комиссиясына әрбiр учаске бойынша әкiм қол қойған референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тiзiмдерiн ұсыну | |
| Тиісті әкімдер Дауыс берудің басталуына жиырма күн қалғанда 2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей | |
| 5. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін танысуға ұсыну | |
| Учаскелік референдум комиссиялары Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда 2022 жылғы 20 мамырдан кешіктірмей | |
| 6. Жекелеген референдум учаскелерiнде дауыс берудiң басталуы мен аяқталуының басқа уақытын белгiлеу және бұл туралы шешiмдi сайлаушыларға жеткiзу | |
| Аумақтық референдум комиссиялары Дауыс беру күніне дейінгі 10 күннен кешіктірмей 2022 жылғы 25 мамырдан кешіктірмей | |
| 7. Дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды хабардар ету | |
| Учаскелік референдум комиссиялары Дауыс беру күніне дейінгі кемінде он күннен кешіктірмей 2022 жылғы 25 мамырдан кешіктірмей (26–б. 1–т.) | |
| 8. Референдумның учаскелік комиссияларына дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін жеткізу | |
| Аумақтық референдум комиссиялары Референдум өткізуге жеті күн қалғанда 2022 жылғы 28 мамырдан кешіктірмей (27-б. 5-б.) | |
| 9. Дауыс беру үшін референдум учаскелерін ашу және ашу туралы хаттама жасау | |
| Учаскелік референдум комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда Егер дауыс берудің басталуына басқа уақыт белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де дауыс беру басталады | |
| 10. Дауыс беруді өткізу | |
| Учаскелік референдум комиссиялары Басқа дауыс беру уақыты белгіленбесе, дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін | |
| 11. Референдум учаскесінде дауыстарды санау және дауыс беру қорытындылары туралы хаттама жасау | |
| Учаскелік референдум комиссиялары Дауыс берудің аяқталуына басқаша уақыт белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады . Санау уақыты санау басталғаннан бастап он екі сағаттан аспауға тиіс | |
| 12. Дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманың көшiрмесiн референдум учаскесiнiң үй-жайында жұртшылықпен танысу үшiн арнайы бөлiнген жерде орналастыру | |
| Учаскелік референдум комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу | |
| 13. Референдум учаскесiнде дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманы тиiстi аумақтық референдум комиссиясына ұсыну | |
| Учаскелік референдум комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу | |
| 14. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында референдумның қорытындыларын шығару | |
| Аумақтық референдум комиссиялары Дауыс беру күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде (22-б. 1-т.(7-тт.) | |
| 15. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы Орталық референдум комиссиясына ұсыну | |
| Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық референдум комиссиялары Дауыс беру күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде | |
| 16. Референдум қорытындыларын шығару және бұқаралық ақпарат құралдарында референдум қорытындылары туралы ресми хабарды жариялау | |
| Орталық референдум комиссиясы Референдум өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2022 жылғы 12 маусымнан кешіктірмей (33-б.) |
Ескерту: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер бар.
