Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында: «Аймақтардың бюджет мәселесіндегі дербестігін арттыру керек. Сондай-ақ, жергілікті бюджетке жиналатын салыққа қатысты жеңілдіктерді анықтау құқығын аймақтардың өзіне беру мәселесін қарастыру керек», — деді. Бұл іс біртіндеп іске аса бастады.
Биыл қарашаның 5-інде республика бойынша пилоттық режимде аудан әкімдерінің сайлауы өтеді. Бұл саяси науқан біздің ауданға тікелей қатысты. Аудан әкімінің сайлауы өтетін екі ауданның бірі ретінде мемлекетіміздің демократиялық жолға түскенін айғақтайтын реформаға атсалысатын боламыз. Өз басым бұл бастаманы жан жүрегіммен қолдаймын. Өйткені, әкімді тағайындауға қарағанда халықтың өзі сайлағаны көптеген мәселелердің оң шешім табуына игі ықпалын тигізері анық. Тағайындалған әкім орталыққа бағынса, сайланған әкім таза халықтың қамын ойлайды деген нық сеніміміз бар.
Жомарт ИГІМАН,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.