Құрметті азамат атағы табысталды

Жуырда ауданымыздың алуан саласында жемісті еңбек етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қосқан еңбек ардагерлеріне аудан әкімі Талғат Қайнарбеков «Сарқан ауданының құрметті азаматы» атағын табыстады.

Аудандық мәслихат шешімімен Тоқтаған Мақанов, Қожамсеит Сүлейменов, Арнай Төкеев және Қыдырғайша Жақасова ардақталып, барлық сый-құрмет көрсетілді.

«Қазіргі уақытта, ауданымыздың жетістіктерге жетуі, өздеріңіз секілді азаматтардың еселі еңбектерінің нәтижесінде мүмкін болып отыр. Батыр ардагерлеріміздің бойындағы ержүректік, Отанға деген патриотизм бейнесі жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қашанда үлгі және өнеге болып қала беретіні сөзсіз.

Сiздердiң көзқарастарыңыз бен бiлiмдерiңiз, өмiрде түйген тәжiрибелерiңiз – халқымыздың және ауданымыздың игiлiгi үшiн қызмет көрсетiп келедi.

Ауданымыздың дамуы жолындағы белсенді және табысты еңбектеріңіз өскелең ұрпақ үшін үлгі болып қалады. Отанымызға – бірлік, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін.

Биылғы жыл елімізде мерекелі де берекелі болсын!», – деді аудан басшысы Талғат Қанатұлы.

Айта кеткен жөн, 2000 жылдан бері аудан бойынша 100-ден аса азаматқа ауданымыздың «Құрметті азаматы» атағы берілген.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: