Құрметті Жетісу облысы тұрғындары!


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департаменті дене шынықтыру және спорт басқармасының және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізетіні туралы хабарлайды.

Спортты қаржыландыру мәселелерін талдау жоспарлануда. Спорттық іс-шараларды, жиындарды өткізу, жабдықтарды сатып алу, спорттық тамақтануды сатып алу, шетелдік іссапарларды ұйымдастыру, спорт объектілерін салу, сондай-ақ спорт федерациялары мен клубтарын ұстауды қамтамасыз ететін бюджеттік және бюджеттен тыс көздерді зерделеу.

Спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық бойынша нақты ақпарат, шағымдар мен ұсыныстар болған жағдайда, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 36/42 мекенжайы бойынша орналасқан Антикор орталығына жолығып, ұсыныстарды antikor-analiz@bk.ru поштасына жіберуге болады.

Құрметті облыс тұрғындары қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін әрбір азаматтың пікірі маңызды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауда белсенділік танытуға және өз үлесін қосуға шақырамыз.

Барлық сұрақтар бойынша келесі нөмірлер бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 8-7282-609-836, 8-702 -244 -45-47.

Мәліметпен бөлісу: