«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, әлі күнге дейін өз жалғасын  табуда. Рухты оятып, сананы жаңғыртатын бұл мақаланы әрбір қазақстандық шын ықыласымен қолдап жүргені белгілі. Аталмыш мақалада Елбасымыз: «Басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл-қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек» деген болатын.

Осыған сәйкес, кіндік қаны тамған өлкесінен шалғайда жүрсе де, туған жеріне арнайы барып, туын тігіп жүрген перзенттер саны бүгінде көптен саналады. Солардың бірі Алматы облысы, Сарқан ауданының тумасы,  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының актері  Саят Мерекенов ағамызбен  аудан жастары кездесті. Кездесудің мақсаты: жастарды жарқын азаматтардың өмір жолына үңілдіріп, дұрыс бағытта тәрбиелеу. Кездесу барысында Саят ағамыз жастарға өзінің  өмірі жайлы қысқаша мәлімет беріп, сомдаған  рөлдері жайлы  қызықты оқиғаларын баяндады.  Жастар өз кезегінде ойларында жүрген сұрақтарын қойып, Саят ағамызбен естелік суретке түсті.

Ануар Салимбеков,

аудандық жастар ресурстық орталығының маманы.

Мәліметпен бөлісу: