Өрт тактикалық жаттығу өткізілді

 Өрттерде адам өлімінің және жарақат алуының алдын алу мақсатында, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың наурыз айының 29-шы жұлдызында аудан аумағындағы сауда үйлерінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, өрт қауіпсіздігі ережелері талаптарын сақтау бойынша кең ауқымды үгіт-насихаттық кешенді жұмыстары ұйымдастырылды. Атап айтқанда: дауыс ұлғайтқыш құралдары арқылы адамдар жаппай жиналатын орындарда түрлі тақырыпта мақалалар оқылды.

Аудандық «Сарқан» газетіне «Өрт кезіндегі іс-әрекет» тақырыбында мақала берілді. Сонымен бірге өрт туындаған жағдайда іс-қимыл және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша сауда орындарының басшыларымен және жұмысшыларымен дәріс оқылып, көрнекті жаднама парақтары таратылды.

Бұдан басқа, жеке кәсіпкер Г. Смагулованың орталық әмбебап базарында бірлескен өрт тактикалық жаттығу өткізілді.

А.Тиынов,

Сарқан ауданы ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау майоры.

Мәліметпен бөлісу: