Рухани азық болатын маңызды құжат

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру; «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»; «Туған жер» бағдарламасы; Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары немесе  «Қазақстанның киелі жерлерінің  географиясы»; «Жаһандану замануи Қазақстандық  мәдениет»; «Қазақстандағы 100  Жаңа есім» жобалары  айқын көрініс тапқан болатын.

Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңірек танудан  басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені,сайы мен қыры туған жерлерін ұмытпай,оған қамқорлық жасағысы келетіндер аз емес. Осы арқылы қалаларды абаттандыруға, мектептерді компьютерлендіруге демеушілік көрсетуге ынталылар айқындалуда.  Қысқаша айтқанда «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриоттық тәрбиеге айналды. Бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді міндеттейді. Сонымен қатар  экологияны жақсартуға және елді мекендерге мән беріп,  жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.Әрбір өлкенің аса қастерлі жерлерді сақтауға әрі туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. Осы орайда Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың: «Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан көшенің шаңын жұтқан шәкірт білмесе, кім біледі? Ыстық қой, шіркін, туған жер!» деген  сөзі есіме түседі.

Туған жерге, қоршаған ортасына, ата-анасына, туған-туысына деген ыстық ықылас Отанына деген сүйіспеншілікке ұласса, ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Ұлтымыздың ұлы тұлғасы Қазыбек би: «Алтын ұяң – Отан қымбат… Туып өскен елің қымбат, кіндік кескен жерің қымбат», – деп туған жердің қасиетін ерекше бағаланған.Сондықтан,әрқайсысымыз Отанымызды ардақ тұтып, оның тарихын жете білуіміз керек.Туған жерім-алтын бесігім!

Файза Акишева,

М.Төлебаев атындағы орта мектептің  география пәнінің мұғалімі.

Мәліметпен бөлісу: