Ел Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жаңғырудың жолы көрсетіліп қана қоймай, оны жүзеге асырудың нақты бағыт-бағдары да ұсынылды. Көпшілік осы бағыт-бағдарларды басты мақсат етіп, оны нақты жүзеге асыруға жұдырықтай жұмылу қажеттігін айтуда.
Елбасы ұсынған «Туған жер» жобасында туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәс¬түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі екендігін атап айтқан. Осы мақсатта, киелі жердің атласы жасалса, ұлттық жаңғыруға жаңа серпін берері хақ. «Туған жер» жобасы көнені жаңартумен қатар, қалалық, ауылдық елді-мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын бірден-бір жоба болып табылады. Бұл тұста «Елім» дейтін ерлердің атқаратын рөлі маңызды болса керек.
Бойында патриоттық сезімі мол, түсінігі кең, жүрегі мейірімге толы азаматтардың елімізде көп болса екен деген тілек бар. Дамыған 30 елдің қатарына қосылуға талпынған тұста елдің рухани байлығының үлесін көбейту аса маңызды. Бәсекеге қабілеттілік экономиканың өрлеуімен ғана бағаланбайтындығы белгілі. Қазақ халқының рухани құндылықтарын бірізді ету, түгендеу, саралау, заман талабын ескере отырып тура жолға қою мен дамыту ұлттық мемлекеттікті нығайтып қана қоймайды, сонымен бірге оны мәңгілік ету жолы да баянды болмақ.
Айым Нұржанова,
Қарашыған ауылдық округінің
бас маманы
«Төлебаев» БПҰ мүшесі