Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты

Рухани жаңғыру – білім мен бірліктің дамуы. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани  жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы білім мен ел бірлігі тақырыбы бүгінгі күні аса маңызды екені даусыз. Тәуелсіз еліміз алдына үлкен мақсат қойды. Ол барынша дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Бұл мақсаттың орындалуы қазіргі жастардың, келер ұрпақтың білім мен ел бірлігіне тікелей байланысты.

Бүгінгі таңда әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Рухани жаңғыру бастауы бүгін алған мәселе емес. Әрбір қазақ жасы қазір білектінің емес, білімдінің салтанат құрған уақыты, табысты болудың кілті-білімде екенін түйсіну керек. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, Елбасымыз мыңдаған жасты әлемнің маңдай алды жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасының жүзеге асырылуы еліміздегі жастарға жасалған тиімді нақты қадам. Елбасымыздың «ең бастысы жас ұрпақ бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Жастар тәрбиесіндегі басты ұстаным, өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беріп, еркіндікті сөз бостандығын, пікір бостандығын сездірту, олардың ұстанымдарымен санасу. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын», — дегені жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде баға жетпес ұсыныс.  Осының айғағы ретінде ауданымызда биылғы жылы тұңғыш рет Рухани жаңғыру: бағдарламасы «Туған жерге туын тік» бөлімі бойынша ауданымызда тұңғыш рет жергілікті жанашыр меценат ағаларымыздың қолдауымен «Айқанат» олимпиадасы өтті. Бұл Олимпиаданың мақсаты тек ауыл мектептерінің 9 сынып оқушыларының пәндік олимпиадаға қатысып, жүлделі орын алған оқушыларға болашақта өз білімдерін жетілдіріп, Назарбаев зияткерлік мектебінде ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық жүргізіп,  еліміздің және шетелдік жоғарғы оқу орындарына түсуге  мүмкіндік туғызады.

Осы орайда Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы елді жарқын болашаққа бастайтын даңғыл жол болатынына кәміл сенеміз. Осы бағдарлама аясында жер-жерде түрлі игі шаралардың өтіп жатқанын естіп қуанудамыз.

Болашақта келер ұрпақ «Елім маған не істейді емес, мен еліме не істей аламын» деген Дж.Кеннедидің ұлағатты сөзін ұран етіп, барлық күш-жігерін өз еліне, Отанына арнаса алынбайтын асу болмас дер едім.

О.Мамыраимова,

М.Төлебаев атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Мәліметпен бөлісу: