Шын мәнінде өткен жылы жарық көрген Елбасының бағдарламалық мақаласы қоғамдық санамызға қозғау салды. Аудан аумағында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша бірқатар жұмыс атқарылды.
Бірінші бағыт — қазақ тілінің латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшуіне байланысты ел-жұрттың ықылас-ниеті баспасөз беттерінде жарияланды. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша оқулықтар жайында ата-аналар пікірлері жоғарыға жолданды.
«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға осы өңірден түлеп ұшып, табысқа жеткен жерлестеріміз құлшына атсалысты. Өткен жылдың қараша айында жерлестер форумы өтіп, басқосуға қатысқандар ғалым-қайраткер Мұхтар Арынға, даңқты композитор Еркеғали Рахмадиевке, Ұлы Отан соғысының ардагері, генерал-майор Әбдіқадыр Болсамбековке ескерткіш орнатуға уағдаласқан болатын. Бүгінгі күнге дейін мақтан тұтар тұлғаларымыздың мәңгілік мүсінін сомдаудың алғышарттары жасалып, орнататын орындары мен уақыты жоспарлануда. Аудан бойынша табысқа жеткен жерлестеріміз «100 жаңа есім» кітабына енгізілді.
Демек, тарихи мүмкіндікті дұрыс түсініп, ой-санамызды жаңғыртуға жоғарыда аталған мақаланың қозғау салғанын айту біздің парызымыз.
Жанат МҰҚАШЕВ,
қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі аудандық комиссияның мүшесі.