Рухани жаңғыру — жетістіктер бастауы

Рухани жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білді-реді. Тұтас ұлт болып ұйысып отырған қазақстан-дықтардың берекесі мен бірлігінің негізі қазақ ұлтының болмыс-бітімінде жатыр. Соның ішінде халқымыздың сан ғасырлық салт-дәстүрінің орны ерекше. Елбасы айтқандай, жаһандану дәуірінде біз жат идеологиялардың ықпалына өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз. Сондықтан да билерден қалған әділ төрелік ету дәстүрін кеңінен насихаттауымыз керек.

ХХІ ғасырдағы ұлт дамуының маңызды өлшемі – мінсіз және тиімді ұлттық сот төрелігі жүйесі. Тәуелсіз сот және әділетті сот – құқықтық мемлекеттің негізі. Онсыз әлемнің бірде-бір елінде, тіпті ең дамыған мемлекеттерде қолайлы инновациялық ахуалдың да, азаматтардың әл-ауқатының жоғары деңгейінің  де, қоғамның табысты дамуының да болуы мүмкін емес.

Әр адам, әр ұжым, әр мекеме өз міндеті мен салалары бойынша алға қойылған тапсырмаларды талапқа сай, уақытылы орындап отырса, жақсарудың, дамудың жолы сол болмақ. Солардың бірі де бірегейі болып, сот корпусы ерекшеленіп отыр.

Бүгінде еліміз экономикалық дамудың шырқау биігіне көтерілді. Қазақстан өзінің халықаралық даму бағытында үлкен дәрежелерге ие  болды. Республиканың саяси билігіндегі сот жүйесінің орны ерекше.

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасынан құқықтану саласына ерекше орын тиюі тиіс.

 

Е.Байболов,

аудандық соттың төрағасы.

 

Мәліметпен бөлісу: