Мәжілісменнің саялы Сарқан ауданына сапары жалғасуда.
Руслан Садуақасұлы тау баурайында орналасқан Аманбөктер ауылдық округіне ат басын бұрып, ауыл тұрғындарымен, әкімдік өкілдерімен кездесті.
Белгілі болғандай, жергілікті әкімшілік ғимараты ұзақ уақыт бойы апатты жағдайда тұр және кез келген уақытта құлау қаупі бар.
Әкімдікте барлығы 9 қызметкер жұмыс істейді. 2021 жылы ауыл әкімі болып Шырынгүл Нұрханова сайланған. Жергілік пошта да аталмыш ғимаратта орналасқан.
Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, басқа үй-жайларды мүмкіндігінше таза және тәртіпте ұстағанымен, өз ғимараттарының тозығы жеткендігі қынжылтады, — дейді.
Мәжілісмен өз тарапынан бұл мәселені бей-жай қалдырмайтынын, тиісті деңгейде қаралатынын жеткізді.
Сонымен қатар, ауыл мектебі мен балалар лагерін, жаңадан салынып жатқан шағын стадионды көріп, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
- Ауылымыздың табиғаты жайлы. Сарқан ауданынын 90 жылдық мерей тойыда бізлің ауылда өтті. Одан кейін пандемия басталып, балалар лагері жабылып, қазір ғимараты бос қалды, қайта жанданса қуанар едік, алайда мектебімізбе оқушы саны да аз, — деді мектеп директоры Бақыт Рыскелдина.
Жоғарыда аталған мәселелер Сарқан ауданы әкімдігінің тарапынан оңтайлы шешіледі деп сенеміз.
Айта кетейік, Аманбөктер ауылдық округінде 600 жуық халық тұрады.