
Құрылтай сайлауалды іс-шаралары аясында тұрғындар көп шоғырланатын қоғамдық орындарда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы ұйымдастырылып, кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді.
Акцияның негізгі мақсаты – елді мекендердің тазалығын сақтау, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Іс-шара барысында еріктілер мен белсенді азаматтар орталық көшелерді, саябақтарды, демалыс орындарын және халық жиі жиналатын аумақтарды қоқыстан тазалап, санитарлық жағдайды жақсартуға өз үлестерін қосты.

Тазалық – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Таза әрі көрікті орта – тұрғындардың денсаулығы мен жайлы өмір сүруінің кепілі. Сондықтан мұндай игі бастамалар қоғамның бірлігі мен жауапкершілігін нығайтып, қоршаған ортаны қорғауға деген ортақ көзқарасты қалыптастырады.

«Таза Қазақстан» акциясы тек бір күндік шара емес, ол – табиғатты аялауға, туған жердің тазалығын сақтауға үндейтін маңызды қоғамдық бастама. Әрбір тұрғын өз ауласының, көшесінің және туған өлкесінің тазалығына бейжай қарамай, осындай игі істерге белсенді қатысса, еліміздің әрбір өңірі көркейіп, экологиялық мәдениетіміз жаңа деңгейге көтеріледі.
Тазалық – мәдениеттің белгісі, ал таза Қазақстан – баршамыздың ортақ мақсатымыз!
