«AMANAT» партиясы Сарқан аудандық Сайлауалды бағдарламасының Жол картасында көрсетілген Сарқан қаласындағы 60 пәтерлі бес қабатты екі үйдің құрылысын, Бірлік ауылындағы 120 орындық шағын орталығы бар 25 орынды орта мектеп құрылысы және Тополевка ауылындағы 25 орындық шағын орталығы бар 80 орынды орта мектеп құрылыс жұмыстарын қадағалау мақсатында нысанда Партиялық бақылау посты құрылды.
Бақылау посттың төрағалары аудандық мәслихат депутаты Тоғжігітов Ерболсын Тоқтасынұлы, аудандық мәслихат депутаты Балабеков Дастан Қанатбекұлы, аудандық мәслихат депутаты Құсайынов Талғат Өмірәліұлы болып сайланды.
Партиялық бақылау постың ашылуына аудандық облыстық саяси кеңес мүшесі Т.Догоманов, Сарқан аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы М.Рымбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Бәйтек және «AMANAT» партиясы Сарқан аудандық филиалының төрағасы А.Құдабаев қатысты.
Партиялық бақылау посттың мүшелері құрылыс нысанының жұмыс барысымен танысып, қайтты.