Алматы облысының тұрғындары медициналық қызметтердің тұтынушысы болып табылады және 1406 нөмірі бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ колл-орталығына хабарласу арқылы шағымдар мен ұсыныстар қалдыруға, медициналық қызметтердің сапасы бойынша хабарлауға құқылы.
Желіге келіп түскен барлық өтініштер белгіленген тәртіппен тіркеледі және қаралады.
— Медициналық сақтандыру қоры қызметтерді медициналық ұйымдардан сатып алады және халыққа сапалы қызмет көрсетуге мүдделі, медициналық қызмет көрсетуге қанағаттанбаған әрбір пациент 1406 нөмірі бойынша медициналық ұйымның атауын көрсете отырып, өтініш немесе шағым қалдыруға құқылы екенін еске салады. Медициналық ұйымдар тарапынан медициналық қызметтерді сатып алу шартының бұзылуы мен шарттары расталған жағдайда, оларға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ – мен шарттық міндеттемелерді төлеу қағидаларына сәйкес айыппұл санкциялары салынады», — деп түсіндірді Қордың Алматы облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Қ. Құрманалиева.
Сондай-ақ, әрбір тұрғын өзінің сақтандыру мәртебесін біліп, әлеуметтік медициналық сақтандыруға жүргізілген жарналар мен аударымдар бойынша мәлімет қол жеткізген алады және МӘМС-ке қатысты кез-келген сұраққа жауап алады.
Қазақстан бойынша кез келген телефоннан қоңырау шалу тегін.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы.