Сайлау күні Текеліде сәби дүниеге келді


Бүгін тарихи маңызы зор күні Текелі қалалық перзентханасында жарық дүниеге нәресте келіп, жақсылықтың нышанын танытты. Өмірге асығып жеткен салмағы 2500 келі батыр мен анасы қазір дәрігерлердің бақылауында. Жағдайлары қалыпты. «Ұлымның бүгінгі саяси науқанмен тұспа-тұс дүние есігін ашқанына қуаныштымыз. Бұл менің бесінші перзентім. Алланың қалауымен мерзімімнен бұрын босандым. Әзірге салмақ жинап, денсаулығымызды күшейткенше дәрігерлер бақылауында боламыз. Сәбиімнің ізімізден ерген ұрпағымыздың қамы үшін, мемлекетіміздің мүддесі үшін қызмет ететін халық қалаулыларын сайлайтын күнде туғанын жақсы ырымға балап отырмын», – дейді анасы Аяулым Бақытқызы. #мен сайлауда дауыс бердім #мен таңдау жасадым #жетісу облысы

Мәліметпен бөлісу: