Сарқан ауданының әкіміне үміткер Ғалымжан Маманбаевтың сенім білдірген өкілдері Лепсі ауылдық округіне қарасты Көкжиде ауылы, Ерікті орта мектебінде, ауыл тұрғындарының қатысуымен сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Үміткердің сайлауалды құжаттын қарапайым тілмен тарқатқан сенім білдірген өкілдері – 5 қараша алдағы болатын өзгерістер – ауданымыздағы ең маңызды және жауапты кезең екендігі сөз жүзінде айтылып қана қоймай, керісінше халық игілігін көретін, жаңа белестерге жол ашатындығын айтып өтті. Кездесу соңында сайлаудың маңыздылығы түсіндіріліп, сұрақтарға жауап берілді.