«AMANAT» партиясынан ұсынылған Сарқан ауданы әкіміне үміткер Маманбаев Ғалымжан Қанатұлының сенім білдірген өкілі Бірлік ауылында сайлау алды бағдарламасын түсіндіру және үгіт насихат жұмыстары бойынша тұрғындармен кезекті кездесу өткізді. Аталмыш ауылдағы білім ордасының қабырғасында өткен жүздесуде Сарқан ауданы әкіміне үміткердің сенім білдірген өкілі сайлаушылар тарапынан түскен сұрақтарға құлақ түріп, пікірлер ортаға салынды.
Сондай-ақ санаулы күндер қалған саяси науқанға белсенділік танытып, түгелдей қатысуға шақырды.