Салауатты өмір салтын ұстанайық

«Ауырып ем іздегенше, ауырмай­тын жол ізде» демекші, түрлі сыр­қаттың алдын ертерек алған абзал. Ол экономикалық жағынан да мемлекетке арзан түседі. Аурудың өршіп кетпеуін тұзақтайтын шараларды дер мезгілінде жүргізу тиімділігін әкелері сөзсіз. Барынша тазалық сақтау қажет.

Саламатты өмір салтын ұстанып, салауатты жүргенге не жетсін. Ағзаның қорғаныш қабілетін табиғи жолмен шыңдау – ұлт денсаулығының басты кепілі. Әрине, дұрыс тамақтану мен дәрумендерді ұтымды пайдалану да ағзаның сыр бермеуіне ықпал етеді. Кез келген елдің ең басты байлығы – ұлт саулығы болып табылатындығы сөз­сіз. Міне, сондықтан да бұл іске барынша жауапкершілікпен қарағанымыз абзал. Қазіргі өркениеттің негізі, дені сау және рухани дамыған адам. Басқа жағынан қарағанда, дені сау ұлт мықты мемлекеттің нағыз белгісі болып табылады. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Әрбір адам салауатты өмір салтын сақтап, өз денсаулығына сақтықпен қараса жарқын өмірге жол ашылады.

БҰҰ-ның «тұрақты даму мақсаттары» концепциясының 3 мақсатында денсаулықты күту керектігі айтылады. Демек,барша адамзаттың денінің саулығы басты байлығы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды. Бұл ретте Президент тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысымен «Дені сау- ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы бекітіліп, жүзеге асырылуда. Кез-келген елдің ең басты байлығы – ұлт саулығы болып табылатындығы сөз­сіз. Міне, сондықтан да бұл іске барынша жауапкершілікпен қарағанымыз абзал.

А. ЕРБОЛАЕВ,

Сарқан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Мәліметпен бөлісу: