САНАТОРЛЫҚ КУРОРТТЫҚ ЕМДЕЛУДЕН САПАСЫЗ ҚЫЗМЕТ АЛҒАН ЖЕТІСУЛЫҚТАР КӨБЕЮДЕ


Жетісу облысында санаторлық курорттық емделуге арналған оннан аса ірі мекемелер бар. Ал олардың тұтынушыларға деген қызмет сапасы қандай деңгейде? Аталған мәселеге байланысты өңірдегі Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне соңғы 1 айдың өзінде 3 өтініш түскен.
Осы орайда Департамент «Жетісу облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау» ҚБ өкілдерімен бірлесе 2024 жылдың 22 шілдесі күні қоғамдық қабылдау ұйымдастырды.
Қабылдау барысында Талдықорған қаласының тұрғыны өңірдегі танымал «Ж» санаторийінде сапасыз қызмет алғанын жеткізіп, шара қолдануды сұрады. Ол өзінің әлеуметтік портал арқылы мүгедектігі бар баласына алған порталмен санаторийдің басқа ауданда орналасқанына байланысты 6 сағат бұрын ерте келгенін жеткізді. Алайда санаторий тарапынан қызмет алушыға сапалы қызмет көрсетпегенін жеткізді.
Қазақстан Республикасы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 35-бабының 1-тармағына сәйкес тұтынушы көрсетілген қызметте кемшіліктер анықталған кезде өз таңдауы бойынша талап етуге құқылы:

  1. Орындалған жұмыстағы (көрсетілген қызметтегі) кемшіліктерді өтеусіз жою;
  2. Орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) үшін сыйақыны азайту;
  3. Ұқсас сападағы біртекті материалдан басқа затты өтеусіз дайындау немесе жұмысты қайта орындау (қызмет көрсету);
  4. Тұтынушының оларды жою құқығы шартта көзделген кезде кемшіліктерді жоюға арналған шығындарын өтеу.
    Департамент басшысы Айдос Дауешев залалды өндіріп алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша шағыммен жүгіну қажеттігін, онда шағымның мәнін және, мысалы, кемшіліктерді өтеусіз жою талабын көрсету керектігін жеткізді.
    Мәселенің мән-жайын анықтау барысында санаторий тарапынан аталған жайдың орын алғаны расталып, санаторий өкілдері бірнеше күннен соң шағым хатқа жауап беріп, келеңсіз орын алған жағдайға байланысты қызметкерлеріне «ескерту» ретінде сөгіс жарияланғанын жеткізді.
    Келесі сұрақ, ол массаж шапандарына қатысты 2 тұтынушы, оның бірі зейнеткер өтініштерін білдірді. Тұтынушылар шағым хатқа қанағаттанарлықсыз жауап алып, департаменттен қаржысын қайтаруға көмек көрсетуді сұрады.
    Департамент өз кезегінде аталған мәселе азаматтық-құқықтық қатынастар аясында, яғни ендігі кезек сот алаңында қарастыралатынын жеткізіп, тұтынушыға сот арқылы арыз жазу қажеттігін және сот процесінде мекеме 3-ші тұлға ретінде қатыса алатынын жеткізді.

Мәліметпен бөлісу: