Сапа – басты назарда

Аудан бойынша биыл 9191,3 тонна дәнді дақылдар себу болжамданған. Атап айтқанда диқандар қауымы жаздық бидай, күздік арпа, жаздық арпа, жүгері, тары, сұлы, нут, қарақұмықты жерге сіңіріп, меже биігінен көрінуді басты бағдар тұтуда. Қытай бұршағы, күнбағыс, мақсары сынды майлы дақылдар және көп жылдық шөп (жоңышқа) тұқымдарының сапасын анықтау үшін 679 сынама алынып, 3395 сараптама жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар тұқым тазалау жұмыстары да жүйелі қолға алынды. Жаздық бидай тұқымын, арпа тұқымын тазалау жұмыстары аяқталып қалды.

Мәліметпен бөлісу: