
Сарқан аудандық кітапханасында шілде айының 08 күні Заң мен тәртіп қағидаты аясында «Заң және қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс шараға: аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Мұрат Төлеуұлы Түсіпов және мүшелері, Зағиптар қоғамының мүшелері, Жанұя орталығы қатысты. Шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелерін талқылау болды.

Дөңгелек үстел барысында заңдылықты сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері кеңінен сөз болды. Қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын айтып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар заң мен тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың міндеті екені атап өтіліп, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығы айтылды.
