Сарқан аудандық пошта торабының байырғы қызметкері Айбала Қойбағарова өз референдум учаскесіне барып, таңдауын жасады


– Бүгін өте маңызды күн. Әр азамат өзінің Конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс бере алады. Өз болашағымыз және ел болашағында жақсы өзгерістер керек десек, референдумға белсене қатысуымыз қажет.
– Бүгін дауыс беру арқылы әркім өз таңдауын жасайды. Бұл еліміздің болашақ дамуы үшін маңызды. Референдум – мемлекеттің дамуына өзгерістер әкелетін мүмкіндік. Еліміз өркендеуі үшін әр қазақстандықтың дауысы маңызды деп есептеймін. Болашағымыз жарқын болады деп сенемін, – дейді Айбала Мәкейқызы.

Мәліметпен бөлісу: