Сарқан аудандық жастар ресурстық орталығы «Жастар Рухы» ұйымдастыруымен Сарқан гуманитарлық колледжінің жастарымен кездесу өтті.
Басқосудың басты мақсаты — Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын көпшілік, әсіресе қоғамымыздың қозғаушы күші – жастар арасында кеңінен насихаттау, жаңалыққа толы Жолдаудың жастарға жүктейтін міндеттері мен мақсаттарын айқындау.
Сондай-ақ кездесу барысында Шыңғыс Ерланұлы жастарға алдағы келе жатқан саяси науқанда, яғни кезектен тыс Президент сайлауында әрбір қазақстандық еліміздің болашағы үшін жауапты екенін сезініп, әрбір адамның дауыс беруі жаңа Қазақстанды құруда айрықша маңызды екендігі баса айтылды. Барынша белсенді атсалысу болашағымызға бей-жай қарамауымыздың алғышарты болатындығы түсіндірілді.