Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб мүшесі Руслан Қожасбаев Сарқан ауданына қарасты Черкасск ауылынының тұрғындарымен кездесті.
Жиында спикер АЭС салудағы экономикалық мүмкіндіктерді тізбектей жөнелді. Айтуынша, бұрын Қазақстан ірі-ірі зауыттар саларда электр энергиясының мүмкіндігіне қарайлайтын. Ал АЭС салған соң, еш жалтақсыз өндірісті өрістетуге болады екен.
«Жоспарлы АЭС-ті салуға 8000 мың адам жұмылдырылады. Бұл да экономикалық тұрғыдан ел халқын жұмыспен қамтуға үлкен серпін болмақ. Ал АЭС пайдалануға берілгенде 2 000 адам жұмыс істейтін болады. Олардың 300-і жоғары білімді, 1 500-і арнайы мамандықтар бойынша, қалған 200-іне мамандықтың қажеті жоқ. Сонан соң, жұрт дабыра қылып жүрген Балқаштың флорасы мен фаунасына ешқандай қауіп жоқ. Шынтуайтыны керек, АЭС-ті кез келген жерге салуға болмайды. Халықаралық МАГАТЭ-нің де ұйғарымы ескеріледі. Былтыр күзде осы ұйым өкілдері Балқаш көлінің маңайында АЭС салуға еш кедергі келтіретін факторлар жоғын дәйектеді. Сонымен қатар, Үлкен ауылының жанын таңдаудың басты себебі, өткен ғасырдың соңында-ақ ол жерге АЭС салу жоспарланған. Сол кезде ол белгілі себептерге байланысты салынбай қалды. Сөйтіп, елге тиімді жоспар жүзеге аспады. Енді дайын тұрған алаңды жоғалту біз үшін үлкен қателік болмақ», — деді Руслан Қожасбаев.
Тұрғындар АЭС төңірегіндегі сауалдарына жауап тапқан соң, 6-қазанда ел болашағын жарық ететін жобаны қолдауға уағдаласты.