Сарқан ауданында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай, Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған патриоттық байқау өтті



Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай жазушы, Кеңес одағының батыры, қазақ халқының батыр ұлы, даңқты қолбасшысы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған «Бауыржан – батыр тұлға» атты патриоттық байқау ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты – Бауыржан Момышұлының ерлік пен адамгершілікке толы өмірін жастарға таныту, патриоттық рухты арттыру болды.
Сарқан аудандық кітапхана директоры Гүлнар Мұхаметқалиева өз сөзінде:
«Бүгінгі байқау – Ұлы Отан соғысында жеңіс туын көтерген батырларымызды еске алу, олардың ерлігін ұлықтау және жастарымызды отан сүйгіштікке, патриоттық рухқа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігі қазақ халқының даңқын көтерген, еліміз үшін маңызы зор. Осы шара арқылы біз жастарға батыр бабаларымыздың мұрасын насихаттап, олардың ұлы жолын ұстануға шақырамыз», – деп атап өтті.


Байқауға ауданның белсенді жастары қатысып, төрт кезең бойынша бақ сынасты. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Алмас Ажарханұлы арнайы қатысып, байқау жеңімпаздарына алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.
Бұл патриоттық байқау Бауыржан Момышұлының ерлігін ұлықтап, жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған маңызды шара болды.


Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: